Сызу пәнінен тест тапсырмалары (9 сынып)


Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

Дюсенов Жакан Калиевич

Технология, сызу және бейнелеу пәндерінің мұғалімі

9 – сынып

Сызу пәнінен тест тапсырмалары.

1. Алғашқы бу машинасын ойлап тауып, оның сызбасын орындаған кім ?

А) И.П.Кулибин

В) И.И.Ползунов

С) І Петр

Д) Н.Ф.Четверухин.

2. Қаттылығы орташа қарындашты қалай белгілейді ?

А) Т;

В) 2М;

С) ТМ;

Д) 3Т

3. Басы бар ұзын сызғыш қалай аталады ?

А) Рейсфедер

В) Рейсшина

С) Даярша

Д) Бұрыштық

4. Сызбада неше тұтас сызық бар ?

А) 9

В) 4

С) 5

Д) 7

5. Өлшем сызықты сызғанда қандай сызық қолданады ?

А) тұтас жуан негізгі сызық

В) тұтас ирек сызық

С) тұтас жіңішке сызық

Д) үзілме сызық

6. Басқа елдерде қатты қарындашты қалай белгілейді ?

А) В

В) Н

С) Р

Д) А

7. Мектепте қолданылатын формат қалай белгіленеді ?

А) А1

В) А2

С) А3

Д) А 4

8. А4 форматының өлшемі қандай ?

А) 841х594.

В) 420х297.

С) 297х210.

Д) 594х420.

9. Кішірейту масштабы қайсы ?

А) М 1:4

В) М 2:1

С) М 1:1

Д) М 10:1

10. Г, З, С әріптерінің ені қалай анықталады ?

А) g= 5d

В) g = 7d

С) g = 8d

11. Әріптердің арақашықтығы қандай ?

А) a=2d

В) a = 4d

С) a = 5d

Д) a = 8d

12. Көлбеуліктің белгісі қандай ?

А) □

В) ˃

С)▲

Д) Ø

13. Сызықтық өлшемдер сызбада қандай өлшем бірлікпен беріледі ?

А) см

В) мм

С) дм

Д) м.

14. Өлшем сызықтар өлшемі көрсетілетін кесінділерге қатысты қалай орналасады ?

А) перпендикуляр

В) параллель

С) көлбеу

Д) қиылысады

15. Диаметрлердің өлшем санының алдына қандай белгі қойылады ?

А) R

В) Ø

С) S

Д) ) □

16. Шеңберді тең 16 бөлікке бөлу үшін алдымен оны нешеге бөлу керек ?

А) 4

В) 8

С) 5

Д) 12

17. Шеңберді тең 10 бөлікке бөлу үшін алдымен нешеге бөлу керек ?

А) 5

В) 3

С) 2

18. Қиюшы түзу деген не ?

А) шеңбермен жанасатын түзу

В) қисықтың екі нүктесін қосатын түзу

С) шеңбермен бір нүктеде қиылысатын түзу

19. Түйіндесу деген не ?

А) түзулердің өзара қиылысуы

В) шеңберлердің өзара қиылысуы

С) екі сызықтың бір-біріне үшінші сызықтың көмегімен біртіндеп өтуі

20. Сопақша деген не ?

А) төртбұрыш

В) тұйық сынық сызықтар

С) шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызық.


0 комментов

24 марта 2017

Вставить свои 5 копеек